Hyundai Astana
Астана қ, Оң жағалау, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғ., 6/1
23 қазан 2023
Тегін диагностика

«Hyundai Auto Kazakhstan» компаниясы өз клиенттеріне жақын болуға ұмтылады. Сондықтан біз әрқашан сіздердің қауіпсіздіктеріңіз туралы ойлаймыз. Біздің Сіздерге деген қамқорлығымыз - жолда көлікпен қауіпсіз қозғалудың кепілі.
Сіздердің назарларыңызға қалаларыңыздағы барлық Hyundai ресми Дилерлік орталықтарында «Before Service» бағдарламасын ұсынамыз.
«Before Service» бағдарламасы автокөлікті кешенді профилактикалық байқауды кедергісіз және қауіпсіз, ең бастысы тегін жүргізуге мүмкіндік береді және бағдарлама:

  • электр жабдықтарын (жарықтандыру құралдарын, капот астындағы электр сымдарының жай-күйін, әйнектазартқыштарды, әйнекжуғыштарды) тексеруді;
  • оталдыру шырақтарының жай-күйін тексеруді;
  • сүзгі элементтерін тексеруді;
  • капот астындағы кеңістікте техникалық сұйықтықтардың ағуын тексеруді;
  • техникалық сұйықтықтардың (мотор майының, салқындатқыш сұйықтықтың, тежегіш сұйықтықтың) деңгейі мен жай-күйін тексеруді;
  • аккумулятор батареясының жай-күйін тексеруді;
  • кондиционердің жұмыс тиімділігін цифрлық термометрмен тексеруді;
  • шина протекторының қысымы мен жай-күйін тексеруді;
  • ақаулық кодтарын мамандандырылған GDS Дилерлік сканерімен оқуды қамтиды.

Автокөліктің бұл профилактикалық байқауын жоғары білікті мамандар, Hyundai автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар жүргізеді. Автослесірлер мен электриктер әрбір Клиентпен жеке тіл табыса отырып, кезекті рет қызмет көрсетудің жоғары сапасын көрсетеді.
Before Service бағдарламасы техникалық ақауларды бастапқы кезеңде-ақ болдырмауға, сондай-ақ көлік құралының ағымдағы жағдайын білуге көмектеседі. Бұл қала жолдарында сенімді қозғалуға мүмкіндік береді.
Автомобильді профилактикалық байқау аяқталғаннан кейін, жоюға ұсынымдар анықталған жағдайда, Сіз қосалқы бөлшектерге 10%, жұмысқа 15% жеңілдік аласыз (жөндеу науқан өткізілген күні жүргізілген жағдайда);

Сіздерге деген қамқорлықпен, Сіздердің Hyundai Astana!